Шабуылшы "Лионмен" 2017 жылы келісімшартқа отырған болатын, ал қазіргі келісім 2020/2021 маусымының соңында аяқталады. Transfermarkt интернет-порталы футболшының трансферлік бағасын 44 миллион еуроға бағалап отыр. Депайға «Барселонадан» басқа «Милан» клубы да қызығып отыр.
2020/2021 маусымда шабуылшы "Лион" үшін өткізген бір матчта хет-трик жасап, сары қағаздың авторы атанды. Ал УЕФА Ұлттар лигасында форвард ұлттық құрама үшін екі толық матч өткізіп, ешқандай тиімді әрекет жасамады.