"Манчестер Сити" Мессиді 200 миллион еуроға бағалап отыр

Лионель Месси. Сурет: ©Reuters
"Манчестер Сити" каталониялық "Барселона" шабуылшысы Лионель Мессиді сатып алу үшін ұсыныс дайындап жатыр,- деп хабарлайды тілші Танкреди Палмери.

Журналисттің ақпараты бойнша, ағылшындық команданың басшылары аргентиналық футболшының трансферіне 200 миллион дайындап отыр. 

Осыған дейін "Барселонаның" Месси үшін 700 миллион еуро сұрамайтыны белгілі болды. Бірақ каталониялық клуб басшылары бұл әлемдегі ең қымбат трансфер болғанын қалап отыр. Клуб шабуылшыны 223 миллионға сатуға дайын. Осылайша олар Неймардың рекордын жаңартқысы келеді. Еске салайық, "Барселона" Неймарды ПСЖ командасына 222 миллион еуроға сатқан болатын 

25 тамыз күні Месси клуб басшыларына командадан кететіні туралы хабарлаған. Ол келісімшартты бір жақты бұзбақшы. 

"Манчестер Сити" командасынан бөлек Мессиді италиялық "Интер" мен "Ювентус", сонымен қатар ПСЖ және ағылшындық "Манчестер Юнайтер" командалары сатып алуды көздеуде. Капитанның өзі ФИФА ұйымынан трансфер туралы сертификатқа өтініш беріп қойған. 



Метки: