Луис Суаресті ПСЖ сатып алмақ болған

readfootball.com
Париждің ПСЖ футбол клубы шабуылшы Луис Суаресті трансфер кезінде сатып алмақ болған. Marca басылымы хабарлағандай, келісім жүзеге аспаған.

"Барселонаның" жаңа жаттықтырушысы Роналд Куман уругвайлық шабуылшыны қатарға қоспаған сәттен бастап париждіктер ұсыныс дайындаған. Алайда каталондық команда келіспеген. Футболшы болса мансабын примерада жалғастыра беруді қалаған.

Луис Суарес ойлана келе, Мадридтің "Атлетико" клубына ауысты. Екіжылдық келісімшартқа қос тарап қол қойды. Қазір жаңа командасы сапында 3 ойынға шығып, 2 гол және 1 нәтижелі пас беріп үлгерді.
Метки: