auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Луис Суарес "Барселонадан" кеткісі келмейтінін мәлімдеді

Луис Суарес "Барселонадан" кеткісі келмейтінін мәлімдеді
Сурет "Барселона" сайтынан алынды.
Каталониялық "Барселонаның" шабуылшысы Луис Суарес командадан кетеді деген сыбысқа байланысты пікір білдірді. 

Еске салайық, команда тізгінін нидерландылық маман Рональд Куман ұстағаннан бастап көптеген басылым шабуылшыны каталониялық клуб сапынан кететіні туралы жаза бастаған болатын. 

"Команда басшылары ұжымға өзгеріс енгісі келетінін айтты. Алайда ешкім маған тікелей келіп, командадан кететінімді айтпалы. Егер клуб мененен айырылғысы келсе, жауапты адам келіп бетіме айтсын. Мен "Барселона" сапында жүргеніме алты жыл болды. Сондықтан көзіме тіке қарап айтатындай деңгейге жеткен сияқтымын. Мен де клубтың жағдайы жақсы болғанын қалаймын. Әзірге командада қалуды ойластырып отырмын. Бірақ егер клуб мені қажет етпесе, ешқандай қиындық жоқ. Менімен сөйлессін. 

Қазір маған команда басшылары сеніп отыр. Сол үшін мен қолымнан келгеннің барлығын жасаймын. Куманмен әлі сөйлеспедім. Бапкер мені қосалқы құрамға қалдырғысы келсе де қарсы емеспін. Мен командаға кез-келген жерден көмектескім келеді. Әлі де болса командаға зор үлес қоса алатыныма сенімдімін", - деп келтіреді 33 жастағы Суарестің сөзін Eurosport порталы  El Pais басылымына сілтеме жасап. 

Суарес "Барселона" сапында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол командамен бірге 13 жүлде жеңіп алған. 

57 жастағы Куман болса 19 тамыз күні команданың бас бапкері атанып, екі жылдық келісімшартқа қол қойды. Ол футболшы кезінде 1989-1995 жылдар аралығында "Барселона" сапында ойнаса, 1998-1999 жылдары команданың бас бапкері көмекшісі қызметін атқарған. 




Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
1 тамыз 2023, 10:12
Испания
©twitter.com/FCBarcelona "Барселона" ПСЖ-ға "соғыс" ашады

Жарнама

Жарнама