Лионель Мессидің командаластарынан көңілі қалды

Лионель Месси. Фото: barcelonafc.ru©
"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси командаластары шешімін қолдамағаны үшін көңілі қалыпты, деп хабарлайды Eurosport порталы Onda Cero. радиосына сілтеме жасап. 

33 жастағы шабуылшы командаластарына ренжулі екен. Себебі олар капитан мен президент арасындағы дау кезінде футболшыны қолдамаған. Аргентиналық шабуылшыға бірде-бір командаласы қолдау ретінде хат жібермепті. 

Еске салайық, бұған дейін Мессидің "Барселонадан" кетіп, ағылшындық "Манчестер Сити" клубымен келісімшарт жазады деген ақпарат тарап еді. Бірақ бірнеше күн бұрын шабуылшының өзі сұқбат беріп, "Барселонада" келісімшарты аяқталғанша қалатынын айтты. Оның командамен келісімшарты 2021 жылдың жазында бітеді. 

Месси - "Барселона" тәлімгері. Ол командаға 2000 жылы қосылып, бүкіл карьерасын осы ұжымда өткізген. Биыл шабуылшы 44 кездесуге қатысып, 31 гол соғып, 26 голдық пас берді.



Метки: