Лионель Месси тағы бір рекорд орнатты

Сурет: Reuters©
Испания кубогінің 1/8 финалында “Барселона” қонақта “Райо Вальеканоны” 1:2 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Есепті алаң иелері сапынан 63 минутта Франсиско Гарсия ашқанмен, Лионель Месси 70 минутта есепті теңестіріп, 80 минутта Френки Де Йонг жеңісті голды соқты.

Сонымен қатар, каталондық клубтың шабуылшысы Лионель Месси Испания кубогінде “Барселона” сапында ең көп ойын өткізген футболшы атанды. Аргентиналық 33 жасар форвард 76 ойынға қатысып, Жозеп Самитьердің рекордын (75) жаңартты. Жозеп 75 ойында 63 гол соқса, Месси 76 ойында 54 голдың авторы атанды.
Метки: