Лионель Месси "Барселонадағы" болашағы туралы айтып берді

Лионель Месси. Сурет: iranpress.com©

"Барселона" мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси карьерасын қайда жалғастыратыны туралы ойымен бөлісті. Оның сөздерін La Sexta басылымы келтіріп отыр. 

"Ешқандай клубпен келіссөз жүргізіп жатқан жоқпын. Бұған дейін де айтқанымдай, маусым соңына дейін әлі ештеме белгісіз. Алда не боларын көреміз. "Барселонада" қаламын ба, жоқ па оны маусым соңында сөйлесеміз", - деді Месси. 

Сонымен қатар, аргентиналық футболшы карьерасын аяқтаған соң да каталониялық клуб сапында қалуы мүмкін екенін мәлім етті. 

Одан бөлек, Месси ешқашан "Барселонаның" басты қарсыластары "Реал" мен "Атлетико" командаларына ауыспайтынын айтты. 

Еске салайық, биыл жазда Мессидің "Барселонадан" кетіп, "Манчестер Сити" сапына ауысуы мүмкін деген ақпарат шықты. Бірақ кейін Мессидің өзі мәлімдеме жасап, келісімшартының соңына дейін "Барселонада" қаланын хабарлады. 

Биыл шабуылшы Испания біріншілігінде 14 кездесуге қатысып, 7 гол соқты. Ал "Барселона" болса 24 ұпаймен турнир кестесінде бесінші орында келеді. 



 

Метки: