Лионель Месси "Барселона" сапында жаттығу жұмыстарына кірісті

Лионель Месси. Сурет: Depositphotos©
"Барселона" командасының шабуылшысы Лионель Месси командамен бірге жаттығуға кірісті,- деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. 

"Бүгінгі күнгі бірінші жаттығу. Лео Месси, Филиппе Коутиньо, Серхио Бускетс, Френки де Йонг және Ансу Фати жаттығуға кірісті", - деп жазды клубтың Twitter парақшасында шыққан ақпаратта. 



Айта кетейік, бұған дейін Мессидің командадан кететіні туралы ақпарат шыққан еді. Ол Чемпиондар лигасында "Бавария" командасынан 2:8 есебімен жеңілген соң команда ауыстыруға ниетті болып, тіпті "Манчестер Ситимен" келісімге келіп қойды делінген. Бірақ 4 қыркүйек күні аргентиналық футболшы каталониялық клуб сапында қалатынын айтты. 

Месси - "Барселона" тәлімгері. Ол командаға 2000 жылы қосылып, бүкіл карьерасын осы ұжымда өткізген. Биыл шабуылшы 44 кездесуге қатысып, 31 гол соғып, 26 голдық пас берді.





Метки: