Журналист Лионель Мессидің "Барселонадан" кейін қай командаға ауысатынын айтты

Лионель Месси. Фото: ©Reuters
Каталониялық "Барселонаның" капитаны Лионель Месси командада қалуы мүмкін. 

El Chiringuito TV тілшісі Жозеп Педрероль ақпараты бойынша, аргентиналық футболшы ойын өзгертіп, карьерасын "Барселонада" жалғастыруы мүмкін. Бірақ ол үшін команда президенті Жозеп Бартомоу қызметінен кетуі керек. 

Ал Марсело Бехлер деген журналистің ақпараты бойынша, Месси жаңа командасын таңдап қойыпты. Лео ағылшындық "Манчестер Сити" клубын таңдапты. Ол бұған дейін Хосеп Гвардиоламен сөйлесіп, сосын шешім шығарғен көрінеді. 

Кеше Мессидің "Барселона" басшыларына келісімшартты бұзғысы келіп, факс жібергені туралы ақпарат шықты. Бұл ақпаратты команда басшылары да растады. Шабуылшы келісімшартты бір жақты бұзбақшы. Ол соңғы рет келісімшарт жасағанда, әр маусымның соңында егер өзі қаласа келісімшартты бұза алады деген пунктті пайдаланғысы келіп отыр. Бірақ ол жағдай негізі тек 10 маусымға дейін жарамды болған. Аргентиналық шабуылшы биылғы маусым коронавирусқа байланысты созылып кеткенін алға тартып, келісімшартта көрсетілген пунктті өзгертуге болатынына сенімді.

Месси - "Барселона" тәлімгері. Ол командаға 2000 жылы қосылып, бүкіл карьерасын осы ұжымда өткізген. Биыл шабуылшы 44 кездесуге қатысып, 31 гол соғып, 26 голдық пас берді.


Метки: