"Интердің" шабуылшысы "Барселонаға" ауысқысы келетінін жариялады

Лаутаро Мартинес. Фото: gooool.tv©
"Интер" шабуылшысы Лаутаро Мартинс "Барселонаға" ауысқысы келіп жатыр. 23 жастағы аргентиналық шабуылшы Лионель Мессимен бір командада ойнағысы келеді, деп хабарлайды Corriere dello Sport.

Командадан кету туралы ниетін шабуылшы клуб басшылары айтқан. 

Өз кезегінде "Интердің" басшылары Мартинсті жіберуге қарсы емес. Бірақ ол үшін "Барселона" 111 миллион еуро төлеуі керек. Дегенмен де италиялық клуб футболшының бағасын 80-90 миллион еуроға дейін түсіруге дайын. Алайда ол үшін каталониялық клуб бір футболшыны қосып беру қажет. 

"Барселона" болса шабуылшыны сатып алу үшін бірнеше футболшыны сатқақшы. Олардың ішінде Нелсен Семеду, Самуэль Умтити секілді футболшылар бар. 

Лаутароның "Интер" командасымен 2023 жылдың 30 маусымына дейін келісімшарты бар. 


Метки: