Гарет Бэйл Евро-2020 турнирінен кейін карьерасын аяқтауы ықтимал
Уэльс құрамасының шабуылшысы Гарет Бэйл футболшы карьерасын аяқтауы мүмкін, деп хабарлайды Marca.
Уэльс құрамасының шабуылшысы Гарет Бэйл футболшы карьерасын аяқтауы мүмкін, деп хабарлайды Marca.
Дереккөздің ақпараты бойынша, 31 жастағы форвард нақты шешімін Еуропа чемпионатынан соң айтады. Қазір ол "Реал" командасымен келісімшартты бұзудың жолын қарастырып жатыр. Клуб пен ойыншы арасында 2022 жылға дейін шартнама бар. "Реал" шабуылшыға келісімшартты бұзуға рұқсат беруге дайын. Өйткені, Бэйл командадағы ең көп айлық алатын ойыншылардың қатарынан. Оның жалақысы 22 миллион еуро.
Бэйлге қатысты бұл ақпаратты шабуылшының агенті Джонатан Барнетт жоққа шығарды. Оның айтуынша, футболшы ары қарай да "Реал" сапында қалады.
Ал Евро-2020 турнирінде Уэльс А тобына Италия, Түркия және Швейцария құрамаларымен бірге ойнайды.
Жарнама