1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Испания
27 қазан 05:32
 

“Эль класикода” “Реал” жеңіске жетті

  Пікірлер

blog.share

“Эль класикода” “Реал” жеңіске жетті ©

Мадридтің «Реалы» Испания чемпионатының 10-турындағы орталық матчта каталониялық «Барселонаны» 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Мадридтің «Реалы» Испания чемпионатының 10-турындағы орталық матчта каталониялық «Барселонаны» 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтті және өте қарқынды басталды: үшінші минутта бас төреші Сесар Сото Градо «Барселона» қақпасына пенальти белгіледі, алайда VAR қаралымынан кейін шешімін өзгертіп, оны жойды.

Көп ұзамай ойын дәстүрлі эль-класико қарқынына енді. 12-минутта «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе қарсыластың қақпасына доп соқты, бірақ гол офсайд себепті есепке алынбады. Дегенмен, он минуттан кейін Франция құрамасының капитаны мадридтіктерді алға шығарды.

«Барселонаның» жауабы көп күттірмеді — 38-минутта жартылай қорғаушы Фермин Лопес таразы басын теңестірді. Алайда үзіліске дейін ағылшын ойыншысы Джуд Беллингем 43-минутта тағы бір гол соғып, кездесудің қорытынды есебін белгіледі — 2:1.

Екінші таймда «Реал» басымдығын арттыруға мүмкіндік алды: 52-минутта «Барса» қақпасына тағы пенальти белгіленді, бірақ Мбаппенің соққысын қақпашы Войцех Щенсный қайтарып тастады.

Бұл жеңіс «Реалға» 27 ұпай жинап, Ла Лигадағы көшбасшылығын нығайтуға мүмкіндік берді. Ал «Барселона» 22 ұпаймен екінші орында қалып, басты қарсыласынан алшақтықты қысқарта алмады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!