Осы маусымда Алаба Бундеслигада 19 ойынға қатысып, екі гол соқты. Давидтің мюнхендік клубпен қазіргі келісім-шарты 2021 жылдың 30 маусымына дейін жасалған, сондықтан ол "Реал Мадридке" еркін агент ретінде тегін қосыла алады.
Бұған дейін австриялық футболшы "Баварияның" жаңа келісім-шарт туралы ұсынысын бірнеше рет қабылдамаған болатын, содан кейін клуб ойыншымен келісімшартты ұзарту үшін жаңа әрекеттер жасамайтындықтарын айтты.