Давид Сильва испаниялық клубпен келісімшарт жасады

Сурет клубтың ресми сайтынан алынды.
"Реал Сосьедад" ресми сайтында жартылай қорғаушы Давид Сильвамен келісімшарт жасасқаны туралы хабарлады.

34 жастағы ойыншының Испания клубымен келісімі 2022 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Жақын уақытта жартылай қорғаушы командаға қосылады.

Дэвид Сильва "Манчестер Ситиге" 2010 жылдың жазында "Валенсиядан" ауысып келген болатын. Трансфер құны 28,75 миллион еуроны құрады. 2019/2020 маусымда 34 жастағы футболшы Англия Чемпионатының 27 матчына қатысты (бірінші құрамда 22), 6 гол соғып, 10 голдық пастың авторы атанды. Бұған дейін футболшы Англиялық клубтан кететіні туралы хабарлаған еді.

"Реал Сосьедад" 2019/2020 маусымда Испания чемпионатын 6-шы орынмен аяқтады.
Метки: