Испания
4 наурыз 2017 11:47
 

Бэйл Ла Лиганың екі кездесуінен шеттетілді

  Пікірлер

blog.share

Бэйл Ла Лиганың екі кездесуінен шеттетілді Гарет Бэйл. Сурет marca.com сайтынан

Мадридтік "Реал" клубының жартылай қорғаушысы Гарет Бэйл Испания чемпионатының екі кездесуінен шеттетілді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі AS баслымына сілтеме жасай отырып.

Тәртіптік комитет Гарет Бэйлдің Ла Лиганың 25-ші туры аясында өткен "Реал Мадрид" - "Лас-Пальмас" (3:3) кездесуінің 47-ші минутында қарсыласын итеріп құлатқаны үшін осындай шешім шығарып отыр. Аталмыш ойында уэлстік футболшы алаңнан қуылған болатын.



Осылайша, Бэйл "Эйбар" және "Бетиске" қарсы екі кездесуге қатыса алмайды. Сонымен қатар, Тәртіп комитет "Реал" командасына 700 евро, ал футболшының өзіне 600 евро көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүрледі.

blog.share
Мадридтік "Реал" клубының жартылай қорғаушысы
Гарет Бэйл Испания чемпионатының екі кездесуінен шеттетілді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі AS баслымына сілтеме жасай отырып.

Тәртіптік комитет Гарет Бэйлдің Ла Лиганың 25-ші туры аясында өткен "Реал Мадрид" - "Лас-Пальмас" (3:3) кездесуінің 47-ші минутында қарсыласын итеріп құлатқаны үшін осындай шешім шығарып отыр. Аталмыш ойында уэлстік футболшы алаңнан қуылған болатын.



Осылайша, Бэйл "Эйбар" және "Бетиске" қарсы екі кездесуге қатыса алмайды. Сонымен қатар, Тәртіп комитет "Реал" командасына 700 евро, ал футболшының өзіне 600 евро көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүрледі.

Жарнама

Живи спортом!