"Бенфиканың" 21 жасар шабуылшысы "Барселонаның" назарына ілікті

Сурет "Бенфика" сайтынан алынды.
"Барселона" "Бенфика" клубының 21 жастағы шабуылшысы Дарвин Нуньеске қызығушылық танытып отыр,- деп хабарлайды Sport.es.

Дереккөздің хабарлауынша, өткен аптада "Барселонаның" спорт директоры Рамон Планес ойыншыны жеке бақылау үшін Лиссабонға ұшып кеткен. Трансфер 2022 жылға дейін жүзеге асырылмайды деп хабарланды. "Барселона" шабуылшыны жазда "Альмерияда" ойнап жүргенде алуға әрекет жасаған еді, бірақ Нуньес қыркүйек айында «Бенфикаға» ауысып кетті. Дереккөздің хабарлауынша, 21 жастағы футболшыға туриндік "Ювентус" те қызығушылық танытып отыр.

"Бенфика" мен уругвайлық шабуылшының арасындағы қазіргі келісім 2025 жылдың жазына дейін есептелген. Осы маусымда Нуньес 13 кездесуге қатысып, 6 голдың авторы атанды және 6 нәтижелі пас берді.
Метки: