"Барселонаның" президенті Мессидің қай командаға ауысатынын айтты

Сурет: Reuters©

"Барселона" президенті Жоан Лапорта алты дүркін "Алтын доп" иегері аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиді франциялық "Пари Сен-Жермен" командасына ауысатынын айтты, деп жазады "Р-Спорт". 

Бейсенбі күні "Барселона" 34 жастағы Мессимен келісімшарт жасамайтынын мәлімдеді. Содан соң шабуылшы еркін агент атанды. 

"Мен қолымнан келгеннің барлығын жасадым. Бірақ Месси ПСЖ сапына ауысады", - деп келтіреді Лапортаның сөзін Tuttomercatoweb басылымы. 

Месси "Барселона" сапындағы бірінші кездесуін 2004 жылы өткізіп, содан бері тек каталониялық клубтың намысын қорғап келді. Ол "Барселонамен" он рет Испания чемпионатын, төрт рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: