"Барселонаның" жартылай қорғаушысы "Интер" сапына ауысты

"Интер" өзінің ресми сайтында жартылай қорғаушы Артуро Видальдың ауысқанын жариялады.

Келісімшарттың мерзімі мен мәміле шарттары жария етілмеген, бірақ бұған дейін "Интер" ойыншы үшін тек 1 миллион еуро төлейтіні туралы хабарланған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Видальдың "Интердегі" жылдық жалақысы бонустарды есептемегенде 6 миллион еуроны құрайды және келісім 2022 жылға дейін күшінде болады. Тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған екен.

33 жастағы жартылай қорғаушы 2018 жылдан бастап «Барселонаның» намысын қорғап келеді, оған дейін ол "Бавария", "Ювентус", "Байер" және "Коло-Коло" клубтарында ойнаған. Чили құрамасына 2007 жылдан бастап шақыртылып келеді.
Метки: