"Барселона" командасының жаңа бас бапкері Рональд Куман қандай футболшыларды сатып алғысы келетінін айтты.
AS.com порталының мәліметі бойынша, бапкер үш футболшыны сатып алғысы келеді екен Олар - "Манчестер Сити" қорғаушысы Эрик Гарсия, "Аякс" жартылай қорғаушысы Донни ван де Бек және "Интердің" шабуылшысы Лаутаро мартинес.
Айта кетейік, Куман "Барселона" тізгінін 19 тамызда ұстады. Клуб 57 жастағы бапкермен 2022 жылдың 30 маусымына дейін келісімшарт жасады.
Куман жуырда ғана қызметінен қуылған Кике Сетьеннің орнына келді. Испаниялық маман Чемпиондар лигасында "Бавариядан" 2:8 есебімен жеңілгеннен кейін қызметінен қуылған болатын.