Тамыз айының соңында "Барселона" Сетьенді қызметінен босатқан еді. Отставкаға кеткенін растау үшін бапкер клубқа бюро жіберді және ол туралы шешім енді сот залында қабылдануы керек.
Еске салайық, Сетьен "Барселонаға" 2020 жылдың 13 қаңтарында жұмыстан шығарылған Эрнесто Вальверденің орнына келген еді. Сетьеннің басшылығымен каталондық клуб Испания чемпионатында екінші орын алды, ал Чемпиондар лигасында ширек финалға дейін жетіп, онда Мюнхеннің «Бавариясына» 2:8 есебімен есе жіберді.