"Барселона" "Ювентустің" орталық қорғаушысын сатып алмақшы

Сурет: sport24.ru©

Италялық "Ювентус" командасының қорғаушысы Маттейс де Лигт карьерасын Испанияда жалғастыру мүмкін. Sport.es басылымының ақпараты бойынша, қорғаушыға "Барселона" командасы көз тігіп отыр екен. 

Нидерландылық ойыншы биыл 30 кездесу өткізіп, бір гол соққан. Де Лигті "Барселона" басшылары 21 жастағы Эрик Гарсияның серіктесі болуға сатып алмақшы. 

Бұл трансферге Френки де Йонг пен Рональд Куман көмектесуі мүмкін. Себебі, біріншісімен "Ювентус" ойыншысы "Аякс" командасында бірге ойнаған болса, ал Куманның қол астында ол Нидерланды құрамасында өнер көрсетті. 

Қазіргі уақытта Transfermarkt қорғаушыны 75 миллион еуроға бағалап отыр. 

 

 

 

Метки: