"Барселона" ресми түрде жаңа бас бапкерін тағайындады

Сурет: trend.az
Голландиялық бапкер Рональд Куман "Барселона" командасының бас бапкері атанды,-деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

57 жастағы маманмен клуб 2022 жылдың 30 маусымына дейін келісімшарт жасаған. Айта кетейік, бас бапкерлік қызметте Куман Кике Сетьеннің орнына келді. Сетьен Чемпиондар лигасында "Бавария" командасынан 2:8 есебімен жеңілгеннен кейін қызметінен кеткен еді. 

Биыл "Барселона" жүлдесіз қалды. Бұл команда Испания біріншілігінде екінші орын алса, Испания кубогінде ширек финалда сүрінді. 

"Барселона" Куманды бас бапкері етіп тағайындағаны үшін Нидерланды футбол федерациясына 4 немесе 5 миллион еуро береді. 

Футболшы кезінде Куман 1989 және 1995 жылдар аралығында "Барселонаның" бас бапкері қызметін атқарды. Ол командамен төрт рет Испания чемпионы, үш рет Испания суперкубогі, бір рет Испания кубогі және бір рет сол кезде Еуропа чемпиондарының кубогі, ал қазір Чемпиондар лигасы деп аталатын турнирде топ жарды.

Бұл маман "Барселонада" бұған дейін де жұмыс істеді. Бірақ тек көмекші ретінде ғана. Кейін "Аякс", "Бенфика", ПСВ", "Валенсия, АЗ, "Фейеноорд", "Саутгемптон" және "Эвертон" секілді командалардың бас бапкері қызметін атқарды. Ол үш рет Голландия біріншілігінде топ жарған.
Метки: