"Месси бұған дейін талай рет карьерасын "Барсада" аяқтағысы келетінін айтқан. Ал Куман болса оның жобасының негізгі бөлігі осы Мессиге байланысты екенін мәлімдеді. Аргентиналықтың командамен 2021 жылға дейін келісімшарты бар. Лиссабондағы нашар ойынға қарамастан ол командада қалатынына сенімдімін. Месси - әлі де әлемнің үздік футболшысы. О бізбен бірге қалады", - деді президент.
Куман расымен "Барселона" тізгінін ұстайтын болса, команда Нидерланды футбол федерациясына 4-5 миллион еуро төлеуі керек. Себебі, ол қазір құраманың бас бапкері. Ал келісімшартты бұзу үшін жоғарыдағы сомма көлеінде айыппұл төлеуі керек.
Еске салайық, "Барселона" Кике Сетьенді қызметінен қуғаннан соң бас бапкерсіз қалған еді. Одан бөлек, клуб спорттық директор Эрик Абидалды да жұмысынан босатты. Биыл бұл команда бірде-бір жүлде жеңе алмады.
Футболы кезінде Куман 1989 және 1995 жылдар аралығында "Барселонаның" бас бапкері қызметін атқарды. Ол командамен төрт рет Испания чемпионы, үш рет Испания суперкубогі, бір рет Испания кубогі және біре сол кезде Еуропа чемпиондарының кубогі, ал қазір Чемпиондар лигасы деп аталатын турнирде топ жарды.
Бұл маман "Барселонада" бұған дейін де жұмыс істеді. Бірақ тек көмекші ретінде ғана. Кейін "Аякс", "Бенфика", ПСВ", "Валенсия, АЗ, "Фейеноорд", "Саутгемптон" және "Эвертон" секілді командалардың бас бапкері қызметін атқарды. Ол үш рет Голландия біріншілігінде топ жарған.