"Барселона" Пикенің орнына клубсыз жүрген қорғаушыны алуы мүмкін

"Барселона" "Валенсияның" бұрынғы орталық қорғаушысы Эсекьель Гараймен келісімшартқа отыруы мүмкін,- деп хабарлайды AS.

Дереккөздің хабарлауынша, клуб 34 жастағы аргентиналық қорғаушыны жарақат алған Жерар Пикенің орнын басатын ойыншы ретінде қарастыруда. Естеріңізге сала кетейік, Пике Ла Лиганың 10-шы турында "Атлетико Мадридпен" болған ойында ауыр жарақат алған болатын (0:1). Кездесудің 62-минутында қорғаушы алаңнан кетіп, оның орнына Серджиньо Дест шықты. Кейіннен Пикеге тізедегі 3-ші дәрежелі ішкі бүйірлік байламдардың созылуы деген диагнозы қойылды.

Гарай каталондық клубқа еркін агент ретінде қосыла алады. Жазда футболшы "Валенсиядан" келісімшарты аяқталғаннан кейін кеткен еді.
Метки: