"Барселона" Мессимен келісімшарт созудың орнына басқа шабуылшы алатын болды

Сурет "Барселона" сайтынан алынды.

"Барселона" алдағы жазда дортмундтық "Боруссияның" шабуылшысы Эрлинг Холандты сатып алу үшін бар күшін салады. Бұл туралы The Sun басылымы хабарлап отыр. 

Холандтың трансфері - "Барселонаның" басты мақсаты болып тұр. Ол үшін команда басшылары Лионель Мессидің келісімшартын ұзартудан бас тартуға дайын. 

33 жастағы Мессидің "Барселонамен" келісімшарты 2021 жылдың маусымында аяқталады. 

Айта кетейік, "Боруссия" Холандты 2019 жылы "Зальцбург" командасынан 20 миллионға сатып алды. Қазіргі уақытта 20 жастағы шабуылшының трансфер нарығындағы құны 110 миллион еуро болып тұр. 
 

 

Метки: