Ансу Фати - "Барселона" командасының тәлімгері. Ол негізгі құрамда 2019 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. "Барселона" сапында ол өткен жылы 25 тамызда "Бетиске" қарсы кездесуде бірінші матчын өткізіп, соңғы 78 жылда каталониялық клуб сапында алаңға шыққан ең жас футболшы атанды. Өзінің бірінші голын Ансу 31 тамызда "Осасуна" қақпасына соқты. Осылайша ол команда тарихында гол соққан ең жас футболшы болды.
Айта кетейік, өткен жазда Мессидің командадан кететіні туралы ақпарат шыққан болатын. Бірақ сол кезде команданың президенті қызметін атқарып отырған Хосеп Мария Бартомеу 33 жастағы шабуылшының трансферін бұғаттап тастады. Аргентиналық аяқдопшының командамен келісімшарты жазда аяқталады.