"Барселона" Мадридте "Реалды" ойсырата жеңді және Испания кубогының финалына шықты
Испания кубогының қарымта ойынында "Барселона" футболшылары мадридтік "Реалды" ойсырата жеңіп, жарыс финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Испания кубогының қарымта ойынында "Барселона" футболшылары мадридтік "Реалды" ойсырата жеңіп, жарыс финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Барселонада өткен бірінші ойын 1:1 есебімен аяқталған еді. Қарымта ойын 27 ақпанда Мадридтің "Сантьяго Бернабеу" стадионында болды, есеп 3:0.
Барлық голдар екінші таймда соғылды. "Барса" сапындағы Луис Суарес дубль авторы атанды: Уругвай құрамасының сұрмергені 50-ші минутта және 73-ші минутта "Реал" қақпасынан саңылау таба білді. Ал 69-шы минутта "Реал" қорғаушысы Рафаэль Варан өз қақпасына гол салып алды.
"Валенсия" және "Бетис" жұбының мықтысы "Барселонамен" финалда кездеседі. Севильяда өткен бірінші ойын 2:2 есебімен аяқталған еді, ал жауапты ойын 28 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Астана уақыты бойынша түнгі 2:00-де өтеді. Кубок финалы 25 мамырда өтеді.
Наурыздың 2-нен 3-не қараған түні "Реал" мен "Барселона" тағы да "Сантьяго Бернабеу" стандионында кездеседі. Бұл Испания чемпионатының 26-шы айналымы аясында, Астана уақыты бойынша 1:45-те басталады. 57 ұпаймен каталондық команда көш бастап келеді, ал мадридтіктер 48 ұпаймен үшінші орында.
Жарнама