Бірақ пандемияға байланысты клубтың табысы бірден төмендеп кетті. Барлық дүкендері мен мұражай жабылды. Стадиондағы экскурсия тоқтатылды. Ең бастысы команда алты ойынды жанкүйерлерсіз өткізді.
Індетке байланысты клуб басшылары ойыншылардың айлығын 12 пайызға қысқартты. Осы қадам ғана клубтың шағынын біршама азайтты. Сонымен қатар клуб Артурды "Ювентусқа" 80 миллионға сатып, Неймарды соттан жеңіп шықты. Мұның барлығы "Барселонаға" шығынды тек 100 миллион еуроға дейін төмендетті. Егер мұның бәрі болмағанда клуб одан да көп шығындалатын еді.
Жоспар бойынша, биыл команда жылды 200 миллион табыспен аяқтауды көздеген. Енді қазір ұжым басшыларды ешқандай табыс емес, шығынсыз өткерсек деп отыр.