"Барселона" командасы "Аякстің" қорғаушысын сатып алды

Сурет: Барселона
"Аякс" клубының қорғаушысы Серджиньо Дест мансабын "Барселонада" жалғастырады деп хабарлайды каталондық клубтың ресми сайты. Ойыншының трансферлік құны 21 + 5 миллион еуроны құрады. 19 жастағы футболшының каталондық клубпен келісімшарты 2025 жылға дейін есептелген, өтемақы мөлшері 400 миллион еуроны құрайды.

"Серджиньо Дестте қорғаушыға қажетті көптеген керемет қасиеттер бар: шабуылға қосылу, қорғаныс, допқа иелік ету және шығармашылық. Бұдан былай бұл қасиеттер "Барса" жейдесінде көрінеді, бұл қорықпайтын жас қорғаушы үшін жаңа сынақ болады", - деді клубтың баспасөз қызметі.

Дест - "Аякс" академиясының түлегі. Ол "Аякстың" негізгі командасында алғашқы кездесуін 2019 жылы өткізді. Өткен маусымда қорғаушы 36 ойын өткізіп, 2 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Серджиньо АҚШ құрамасына да шақырылды, онда 3 кездесу өткізіп, 1 нәтижелі пас берді.
Метки: