"Барселона" жеті жыл бұрын сатып жіберген тәлімгерін қайтып сатып алмақшы

Сурет: nevasport.ru
"Барселона" жазғы трансфер уақытында команданың тәлімгері Тиаго Алькантараны қайтарып алмақшы. 

Тоби Альтшэффль деген тілшінің  ақпараты бойынша, Рональд Куман негізі "Ливерпульдің" жартылай қорғаушысы Джорджиньо Вейналдумды сатып алғысы келеді. Бірақ команда басшылары Тиаго Алькантараны қайта сатып алғысы келіп отыр. 

Айта кетейік, Тиаго "Барселона тәлімгері. Ол каталониялық клуб сапына 2004 жылы қосылып, 2013 жылғы дейін ойнады. Сол жылы жартылай қорғаушыны немістің "Бавария" командасы сатып алды. 

Енді келер жылы оның "Бавариямен" келісімшарты аяқталады. Қазір бұл футболшыны "Ливерпуль" командасы да сатып алуды көздеп отыр. 

Биылғы маусымда 29 жастағы футболшы 40 кездесуге қатысып, 3 гол соқты. Ол Германия біріншілігі, Германия кубогі және Чемпиондар лигасын жеңіп алды. 



Метки: