"Барселона" футболшысы бойкот жариялап командадан кетіп қалды

Сурет:Reuters
"Барселонаның" бразилиялық жартылай қорғаушысы Артур Рамос клубтың рұқсатынсыз еліне ұшып кетіп, каталониялық клубтың сапына қайта оралғысы келмей жатыр, деп хабарлайды Mundo Deportivo. 

Басылымның мәліметі бойынша, жартылай қорғаушысы "Барселона" сапында Чемпиондар лигасына қатысқысы келмейді екен. Өйткені, ол "Ювентуспен" келісімшарт жасап қойған. "Барселона" басшылары болса футболшыға жаза қолданып, айыппұл салмақшы. 

Еске салайық, "Барселона" 23 жастағы Артурды "Ювентуске" 72 миллион еуроға сатып жіберіп, туриндік клубтан 60 миллионға Миралем Пьяничті сатып алды. 

"Барселона" Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жауапты кездесуінде "Наполимен" кездеседі. Бұл командалар арасындағы екінші ойын 8 тамызда өтеді. Бірінші кездесу 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. 



Метки: