"Барселона" футболшылары Мессидің командадан кететінін білген

Сурет: en.as.com
ESPN тілшісі Жорди Бланко Twitter парақшасында 33 жастағы шабуылшы Лионель Мессидің "Барселонадан" кету туралы шешімі команданың ойыншылары үшін күтпеген жағдай болмапты. 

Дереккөздің мәліметі бойынша, Чемпиондар лигасындағы "Бавариямен" өткен ойыннан кейін 2:8) Мессидің шешімін барлық командаластары білген. Олар капитанның нақты қашан кететінін білмесе де, оның кеткісі келетінінен хабардар болған. 

Месси келісімшартын бір жақты бұзып кеткісі келіп отыр. Ол соңғы рет келісімшарт жазғанда мұндай жағдайды қарастырып, шартнама қосқан. 

Бірақ каталониялық клуб оны тек 700 миллион еуроға сататынын айтты. Шабуылшыға қазір "МС", ПСЖ және "Интер" секілді командалар қызығушылық білдіріп отыр. 

Месси - "Барселона" тәлімгері. Ол командаға 2000 жылы қосылып, бүкіл карьерасын осы ұжымда өткізген. Биыл шабуылшы 44 кездесуге қатысып, 31 гол соғып, 26 голдық пас берді.




Метки: