"Барселона" футболшылары команданың бас бапкерді қызметінен кетуіне наразылық білдірді
thesportsman.com
"Барселона" футболшылары қызметінен кетуі мүмкін деген команданың бас бапкері Эрнесто Вальвердені бірауыздан қолдады, деп хабарлайды "Р-Спорт" басылымы AS.com порталына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметі бойынша, Вальверде қазіргі уақытта командадан кету туралы ойланып жүр екен. Материалда команданың Испания кубогінің финалында "Севильяға" қарсы өткен кездесуде жеңіске жетпесе, бапкер қызметінен кетуі мүмкін деп жазылған. Одан бөлек, команданың басшылары клубтың Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыға алмағанына риза болмай жүргені айтылған.
Ал команданың футболшылары болса бірауыздан бапкердің қызметінде қалғанын қалайды. Команданың бірнеше тәжірибелі футболшылары Вальверденің өзімен сөйлесіп, қызметінде қалуын сұраған.
Бұған дейін "Атлетик" клубын жаттықтырған Вальверде "Барселона" тізгінін өткен жылдың мамыр айында ұстаған болатын. Бұл бапкердің бастамасымен клуб Испания кубогінде топ жарса, Испания біріншілігінде бірінші орында келеді. Бірақ команда ширек финалда "Романдан" жеңіліп, Чемпиондар лигасынан шығып қалды.

Жарнама