"Барселона" екі жаңа футболшыны сатып алу үшін 50 миллион еуро дайындап отыр

Мемфис Депай. Фото: readfootball.com©
"Барселона" жазғы трансфер кезеңінде құрамын күшейтуді ойластырып отыр. Команданың бас бапкері Рональд Куман Голландия құрамасында өнер көрсететін екі футболшыны ұжымға шақырмақшы, деп хабарлайды тілші Фабрицио Романо. 

Бас бапкер "Ливерпуль" командасына жартылай қорғаушысы Жоржиньо Вейналдум мен "Лионның" шабуылшысы Мемфис Депайды сатып алғысы келеді. Жақын арада каталониялық команда бүл екі ойынғыша ұсыныс жасайды. 

Бұл екі футболшы үшін "Барселона" басшылары 50-55 миллион еуро дайындап отыр екен. 

Өткен маусымда 29 жастағы Вейналдум клубтық деңгейде 47  матчқа қатысып, алты гол соққан. Оның ағылшындық командамен келісімшарты 2021 жылдың маусымында аяқталады. 

Ал 26 жастағы Депай болса 22 кездесу өткізіп, 15 гол соққан. Оның франциялық командамен келісімшарты 2021 жылдың маусымына дейін келісімшарты бар. 

Еске салайық, 57 жастағы Куман "Барселонада" Кике Сетьеннің орнына келді. Ол Чемпиондар лигасында ірі есеппен жеңілгеннен кейін жұмысынан қуылған еді. 



Метки: