Бұл екі футболшы үшін "Барселона" басшылары 50-55 миллион еуро дайындап отыр екен.
Өткен маусымда 29 жастағы Вейналдум клубтық деңгейде 47 матчқа қатысып, алты гол соққан. Оның ағылшындық командамен келісімшарты 2021 жылдың маусымында аяқталады.
Ал 26 жастағы Депай болса 22 кездесу өткізіп, 15 гол соққан. Оның франциялық командамен келісімшарты 2021 жылдың маусымына дейін келісімшарты бар.
Еске салайық, 57 жастағы Куман "Барселонада" Кике Сетьеннің орнына келді. Ол Чемпиондар лигасында ірі есеппен жеңілгеннен кейін жұмысынан қуылған еді.