"Барселона" басшылары Мессиге келген барлық ұсыныстан бас тартады

Леонель Месси. Сурет "Барселона" сайтынан алынды.
"Барселона" басшылары қалай да команданың шабуылшы әрі капитаны Лионель Мессиді сақтап қалуға тырысады.

Қазіргі уақытта команданың барлық менеджерлеріне аргентиналық футболшыға қызығушылық білдірген командалардың бірде-біреуімен сөйлеспеу туралы тапсырма алған. Енді "Барселона" Месси үшін шалынған қоңырауларға жауап бермей, ешқандай кездесулерге бармайтын болады.

Осылайша каталониялық клуб басшылары шабуылшыны командада ұстап қалмақшы. Бірақ Мессидің өзі бұған наразы. Ол трансферге рұқсат сұрап, УЕФА-ға хат жазған.

Еске салайық, Месси осы аптаның басында "Барселонадан" кетуге ниетті екенін хабарлады. Оны қазір "Манчестер Сити" командасы сатып алғысы келіп отыр. Тіпті бұл трасфер үшін ағылшындық команданың бас бапкері Пеп Гвардиола Испанияға арнайы келген екен.
Метки: