Клубтың ойыншылары да басшылары да бірауыздан бапкердің қызметінен кеткенін құп көріп отыр. Жуық арада команданың ішінде айтарлықтай өзгеріс болмаса, маман қызметінен босатылады.
Сетьеннің "Барселонамен" 2,5 жылдық келісімшарты бар. Бірақ директорлар кеңесінің басым көпшілігі бапкердің кеткенін қалайды. Ұжымның жетекшілері бапкерді шақырту - қате шешім болғанын мойындап отыр.
Бірнеше футболшы Сетьеннің не талап ететінін де қаламайтын көрінеді. Ал кейбір футболшылар тіпті бапкердің жаттығуды қалай жасайтынына көңілдері толмайды. Егер алдағы кездесуде команданың жағдайы нашарлай беретін болса, "Барселона" тізгінді "Барселона Б" клубының бас бапкері Гарсия Пимьентаға ұстатуы ықтимал. Сонымен қатар Хави де келіп қалуы мүмкін деген болжам бар.