"Барселона" бас бапкерлік қызметке 40 жастағы Хавиді тағайындайды

forbes.com©
Кезінде "Барселонаның" лидері болған, қазіргі таңда катарлық "Аль-Садд" клубын жаттықтырып жүрген Хави каталониялық клубтың бас бапкері болады, деп хабарлайды "Чемпионат" порталы испаниялық ақпарат құралдарына сілтеме жасап. 

Дереккөздің айтуынша, Хави "Барселонаның" ұсынысын қабылдапты. Енді келесі маусымнан бастап ол жұмысына кіріседі. 

Ал команданың қазіргі бапкері Кике Сетьен болса биылғы маусымды аяқтайды не болмаса қызметінен қуылады. Егер ол қызметінен қуылатын болса, оның орнына уақытша ұжымды "Барселона" Б командасының бапкері Гарсия Пимьента жаттықтырады. 

Хавидің келісімшарты қанша уақытқа жасалғаны белгісіз. Бірақ, ол шартнама бойынша жылына алты миллион еуро жалақы алады екен. 

Испания біріншілігінің 32 турынан кейін "Барселона" ойыншылары мен Сетьен арасында жанжал болғаны анықталып еді. Футболшылар бапкердің тактикалық шешімдеріне наразы болған. Ойыншылардың ойынша, мұндай жүйемен олар табысқа жете алмайды. 

Айта кетейік, "Барселона" 33 турдан кейін 70 ұпай жинап, турнир кестесінің екінші сатысында келеді. Команда көш бастап келе жатқан "Реалдан" төрт ұпай аррта. 






Метки: