"Барселона" 20 жастағы футболшы үшін 60 миллион еуродан бас тартты

Сурет: bleacherreport.com
Каталониялық "Барселона" 20 жастағы шабуылшысы Франсиску Тринкауды ешқайда сатуды ойластырып отырған жоқ,- деп хабарлайды Sport.es. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, "Барселона" ағылшындық бірнеше клубтан ұсыныс алған. Олардың барлығы португалиялық футболшы үшін 60 миллион еуро төлеуге дайын болыпты. Алайда клуб басшылары бұл ұсыныстардың барлығынан бас тартып, футболшыны командада қалдыру туралы шешім шығарған. 

Айта кетейік, "Барселона" Тринкауды қыста "Брага" командасынан 31 миллион еуроға сатып алып, маусым соңына дейін португалиялық командада қалдырған еді. Ол каталониялық клубпен 2025 жылдың жазына дейін келісімшарт жазды. 




Метки: