Испания
30 қыркүйек 2020 13:43

"Атлетико" президенті Мессимен келісімшарт жасауы мүмкін екенін айтты

Сурет "Барселона" сайтынан алынды.
"Атлетико" командасының президенті Энрике Сересо команда Луис Суарестің қосылуына байланысты пікір білдіріп, енді ұжымға Лионель Мессиді де шақырту туралы ойы жайлы айтты. Суарес пен Месси "Барселонада" ойнап жүрген кезде өте жақын дос болған. 

"Бұл өмірде мүмкін емес ештеме жоқ. Егер Месси Суареспен бірге ойнаймын десе, оның біздің командаға ауысқысы келсе - онда барлығы мүмкін. 

"Барселонамен" Суареске қатысты келіссөз керемет өтті. Бартомеу - жақсы дос, мықты адам. Қазір "Барселонаның" жағдайы мәз емес. Бірақ Суарес бәрін дұрыс істеді. Ол өзінің қалаған командасына ауысты", - деп келтіреді Сересоның сөзін Mundo Deportivo. 

Еске салайық, Суарес "Барселонадан" "Атлетико" сапына еркін агент ретінде өтіп, екі жылдық келісімшарт жасады. Ол бірінші "Гранадаға" қарсы өткен бірінші матчында-ақ екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Ал оның командасы 6:1 есебімен жеңіске жетті.