Артуро Видаль "Барселонадан" кетуге жақын

Сурет "Барселона" сайтынан алынды.
"Барселонаның" жартылай қорғаушысы Артуро Видаль "Интерге ауысуға жақын, деп жазды журналист Николо Шира өзінің Twitter парақшасында.

Дереккөздің хабарлауынша, Миландық клуб чилилік футболшымен келісімшарт жайлы келісіп қойған екен. "Интер" басшылығы бас бапкер Антонио Контемен кездесу өткізгеннен кейін қос тарап та келіссөздерді бастап кетті.

Бұған дейін "Барселонаның" жаңа бас бапкері Рональд Куман Видальдың командаға қажет емес екенін айтқан болатын. Артуро Видаль "Барселонаға" "Бавариядан" 2018 жылы ауысқан еді. Испания клубының құрамында ол 2019 жылғы ел чемпионатында, сондай-ақ 2018 жылғы Суперкубокта жеңіске жетті. 2019/2020 маусымдағы Испания чемпионатында чилилік ойыншы «Барселона» сапында 33 матч өткізіп, 8 гол соғып, 4 сары қағаз алды.
Метки: