1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Шаңғы спорты
Бүгін 13:24
 

Тұғырдан секіруден ӘЧ-де қазақстандық шаңғышы үздік ондыққа енді

  Пікірлер

blog.share

Тұғырдан секіруден ӘЧ-де қазақстандық шаңғышы үздік ондыққа енді ©ҚР ҰОК

Қазіргі таңда Норвегияның Лиллехаммер қаласында шаңғы спорты түрлерінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.

blog.share

Қазіргі таңда Норвегияның Лиллехаммер қаласында шаңғы спорты түрлерінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Әлем біріншілігі аясында шаңғымен тұғырдан секіру жарыстары басталды.

Ерлер арасында Қазақстан құрамасы сапынан ең үздік нәтижені Илья Мизерных көрсетті. Спортшы 263 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады.

Австриялық Штефан Эмбахер 296,5 ұпай еншілеп, жарыс жеңімпазы атанды. Күміс медальді польшалық Кацпер Томасяк (287,3) иеленсе, америкалық Джейсон Колби 276 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстандық Артем Мешков жарысты 22-орында аяқтады. Ал Даниил Калинкин алғашқы секіру қорытындысы бойынша 42-орын алып, финалдық кезеңге өте алмады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!