Швейцарияның Айнзидельн қаласында Халықаралық шаңғы және сноуборд федерациясының (FIS) ұйымдастыруымен өткен шаңғымен тұғырдан секіруден халықаралық жарыстар аяқталды.
Әйелдер арасында құрлықаралық кубок кезеңдері өтті. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы сапындағы ең үздік нәтижені Алена Свириденко көрсетті. Ол 21-орынға ие болды. Виктория Рулева 42-орын, Вероника Шишкина 48-орын алды.
Екінші жарыста Вероника Шишкина 44-орынға тұрақтады. Виктория Рулева 46-орын, Алена Свириденко 50-орыннан көрінді.
Ерлер арасында FIS Cup бәсекелері ұйымдастырылды. 12 қыркүйектегі жарыста Даниил Калинкин финалдық кезеңге жолдама алып, жарысты 27-орынмен аяқтады. Давид Гааль 52-орын, Артём Мешков 56-орын алды.
Екінші жарыс күні қазақстандықтар арасындағы үздік нәтижені Девяткин көрсетті — 31-орын. Даниил Калинкин 35-орын, Артём Мешков 45-орын, Давид Гааль 54-орынға орналасты.