Шаңғы спорты
6 қаңтар 11:07

Шаңғымен секіруден Аустриядағы Әлем кубогінде қазақстандықтар ондыққа да кіре алмады

©ҚР ҰОК

Аустрияның Инсбрук қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды.

Сайыстың финалдық кезеңіне Қазақстан құрамасының екі спортшысы қатысты. Нәтижесінде Илья Мизерных 20-орынды иеленді. Данил Васильев 33-ші болды.

Айта кетейік, бұл кезең алдыңғы екі кезең сияқты "Төрт тұғыр турына" кіреді. Турнирдің аяқталуына дейін бір Әлем кубогының кезеңі қалғанда Мизерных жалпы есепте 22-ші орында, ал Васильев - 38-ші орында келе жатыр.

Словакиялық Домен Превц көш бастап тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport