Аустрияның Инсбрук қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды.
Сайыстың финалдық кезеңіне Қазақстан құрамасының екі спортшысы қатысты. Нәтижесінде Илья Мизерных 20-орынды иеленді. Данил Васильев 33-ші болды.
Айта кетейік, бұл кезең алдыңғы екі кезең сияқты "Төрт тұғыр турына" кіреді. Турнирдің аяқталуына дейін бір Әлем кубогының кезеңі қалғанда Мизерных жалпы есепте 22-ші орында, ал Васильев - 38-ші орында келе жатыр.
Словакиялық Домен Превц көш бастап тұр.
Жарнама