Шаңғыдан Олимпиаданың төрт алтынын жеңген спортшы карьерасын аяқтағанын айтты

©livesport

Норвегиялық шаңғышы Тезера Йохауг спорттық карьерасын аяқтағанын айтты. Ол 5 наурыз күні Әлем кубогінде соңғы жарысын өткізеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Карьерасын аяқтайтыны туралы ақпаратты Тереза Йохаугтың өзі әлеуметтік желісінде жариялады. 

33 жастағы Йохауг Олимпиаданың төрт дүркін чемпионы. Сонымен қатар, ол Олимпиадада күміс және қола жүлде жеңген. 

Тереза 14 мәрте әлем чемпионы атанған. Әлем кубогінде үш мәрте топ жарған. Жекелей жарыста оның 79 жеңісі бар.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар