Шаңғы спорты
Бүгін 08:06

Шаңғыдан Қазақстан кубогының алғашқы жеңімпаздары анықталды

©ҚР ҰОК

Щучье қаласында шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы жалғасуда.

Турнир аясында скиатлон бойынша жеңімпаздар анықталды. Қатысушылар 10 шақырымды классикалық стильде және 10 шақырымды еркін стильде жүріп өтуі керек еді.

Ерлер арасындағы жарыста Әмірғали Мұратбеков жеңіске жетті. Наиль Башмаков екінші орынға табан тіреді. Владислав Ковалев үшінші орынға ие болды.

Әйелдер жарысында Надежда Степашкина жеңіске жетті. Ксения Шалыгина күміс медальға ие болды. Ангелина Шурыга үшінші орынға көтерілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport