Шаңғы спорты
Бүгін 13:11

Шаңғыдан Қазақстан кубогінде масс-старт жеңімпаздары анықталды

©ҚР ҰОК

Шаңғы жарысынан Щучье қаласында өтіп жатқан Қазақстан кубогі аясында масс-стартта жүлделер сарапқа салынды.

Ерлер арасындағы жарыста Әмірғали Мұратбеков жеңіске жетті. Күміс жүлде Олжас Климинге бұйырса, қола жүлдеге Виталий Пухкало ие болды.

Әйелдер бәсекесінде Надежда Степашкина бірінші орын алды. Екінші болып Ксения Шалыгина мәре сызығын кессе, Дарья Ряжко үшінші орынды қанағат тұтты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport