Финляндияның Леви қаласында тау шаңғы спортынан Levi FIS Race халықаралық турнирі аяқталды.
Аталған додаға Қазақстан құрамасының өкілі Александра Скороходова қатысты.
Отандасымыз слалом жарысында бесінші нәтиже көрсетті. Ал АҚШ спортшысы Анника Йоханссон жарыс жеңімпазы атанды.
Екінше орынға Финляндия спортшысы Киа Суни ие болды. Үздік үштікті Норвегия өкілі Гранде Брусет түйіндеді.
Жарнама