Лыжный спорт
6 қазан 14:37

Қазақстан шаңғымен секіруден халықаралық турнирде алтын алды

©ҚР ҰОК

Шаңғымен тұғырдан секіруден Польшаның Щирк қаласында өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды.

Ұлттық құрама қоржынына алтын және күміс жүлде түсті.

Данил Васильев жарыс жеңімпазы атанды. Ал екінші орынға оның командаласы Илья Мизерных ие болды.

Үздік үштікті Польша спортшысы Клеменс Сташэль түйіндеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport